Сағызда су тасу қаупі сейілді

img 20220331 wa0006 Жаңалықтар

30 наурыз күні Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы ішімен өтетін Ноғайты өзенінің арнасынан шығып, тасуы салдарынан  ауылдағы жиырмадан астам үйді су басу қауіпі туындаған еді.

Қауіпсіздік үшін аталған үйдің тұрғындары уақытша эвакуацияланған болатын. Су тасу қауіпі сейлгендіктен олардың барлығы үйлеріне оралды.

Жергілікті әкімдіктің тиісті жұмыстарды жедел атқаруының арқасында су басу қауіпінің алды алынды. Ешқандай үй мен қора суға кеткен жоқ.

Алдын ала да қауіпсіздік жұмыстары жүргізілген болатын. Оған 20-ға жуық техника, әкімдік қызметкерлері, ауыл тұрғындары, өзге де мекеме өкілдері мен еріктілер барлығы 200-ден аса адам жұмылдырылды. Олар су басуы мүмкін деген жерлерге арнайы құм салынған қаптар мен топырақтарды толтырып бөгеттер тұрғызды.

Тұрғындардың айтуынша, Ноғайты өзенінің мұндай тасуы бұрын-соңды болмаған. Биыл ақпан айынан бастап осымен үшінші рет тасуда.

Қазір Ноғайты өзенінің арнасы төмендеп, тасу қауіпі сейілді. Сағыз ауылында аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев бастаған арнайы штаб жұмыс істеуде.

Сағыз ауылындағы ахуал тұрақты бақылауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз