ҚАРТТАР ДА СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде өткен санитарлық тазалық айлығы аясында «Туған қала тазалығы – өз қолыңда» ұранымен сенбілік өткізілді.

Интернат директорының орынбасары Гүлшара Кенжеахметованың бастамасымен тазалық жұмыстары екі ауысымға бөлінді. Қоғамдық шараға интернат үйінің қызметкерлерімен қатар, тұрғындары да белсене қатысты. Ауланы қоқыс-қалдықтардан тазартып, талдарды суарды.

Сондай-ақ, орындықтардың айналасын тазалап, сән берер гүлдер отырғызды. Биыл біздің «үйімізге» жиырма жыл толады. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын таба бермек. Оның үстіне, қаламыздың тазалығы – бәріміз үшін маңызды іс.

Кенже ӘБІЛҒАЗИЕВ,
қарттар мен мүгедектерге
арналған интернат үйінің тұрғыны.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз