Жаңалықтар
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛЫ – ӨЗІМІЗДЕН!..
Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласындағы «Регионстрой» ЖШС құрылыс материалдарын шығаруды мықтап қолға алуда.
Осы мақсатта кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр құрылыс материалын шығаруды межелеп отыр. Кәсіпорында үй құрылысына арналған жабатын тақта, іргетас блоктары, қабырға жиектері, бағаналар және темір бетоннан жасалған басқа да бұйымдары тәрізді темір бетон өнімдері шығарылуда. Жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгені құрады.
«Кәсіпорын Ұлыбритания, Испания және Италия елдерінен әкелінген құны 600 миллион теңгенің технологиялық қондырғыларымен жабдықталған. Оның жобалық қуаты жылына 50 мың шаршы метрден аса тұрғын үйді іске қосуға мүмкіндік береді», — дейді кәсіпорын басшысы Александр Дворцевой.