«Абайлаңыз, балалар!»: Атырауда 2 күнде 800-ден астам құқық бұзушылық анықталды

ff1cb15d64d5663ce0145c4761f9cfe3 original 26542 Жаңалықтар

Атырау облысы аумағында 15-31 мамыр күндері аралығында «Абайлаңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталмыш шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалысы ережесін насихаттау.

Іс-шара басталған 2 күн ішінде 826 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

-қиылыстардан өту ережесін бұзу – 40;

-жаяу жүргінші өтпесінен өту ережесін бұзу – 149;

-балаларды тасымалдау ережесін бұзу – 53, оның ішінде, балаларға арналған орындық қолданбау – 27;

– көлік құралының тоқтау ережелерін бұзу – 34.

Айта кетейік, іс-шара 31-мамырға дейін жалғасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз