Жарнама
Жаңалықтар

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР ЖҮЙЕЛІ НАСИХАТТАЛСА…

Елбасымыз өзінің Жолдауында ел болашағының іргетасын қалауда бірнеше құндылықтардың маңызын атап өткен болатын. Соның бірі – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Мекеме басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Күміс Аймұқанова бұл орайда өткен жылдың қорытындысын атап, қызметкерлердің бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасағандығына тоқталды. «Мұражай қорында әлі де сыры ашылмаған құнды жәдігерлер мен жаңалығы мол деректер сақтаулы тұр. Біз бұл деректерді ғылыми тұрғыда зерделеп,  көркем тілмен кестелеп, баспасөз арқылы халыққа танытуға жұмыстануымыз керек» — дейді ол.

Ғылыми қызметкер Айгүл Рамазанова да Жолдауда көрсетілген негізгі міндеттерге тоқталып, Санкт-Петербургтегі мұражайлардың  ғылыми қызметкерлері дайындаған «Жаңа заманға сай музейлердің дамуы» жөніндегі слайдты көрсетті. Мәдени қызметтің жаңа сапасы жайында қызметкерлер өзара тәжірибе алмасып, ойларын ортаға салды. 

Дулат ХАМЗИН,

облыстық тарихи-өлкетану 

мұражайының ғылыми қызметкері,

Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button