Өлең – өнер құдіреті

konspiekt uroka na tiemu mukaghali 1 Жаңалықтар

Махамбет ауданында жастар арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан  байқау өтті.

konspiekt-uroka-na-tiemu-mukaghali_1

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған байқаудың бірінші кезеңінде әр қатысушы ақынның бір өлеңі мен поэмасынан үзінді оқып, екінші кезеңде ақын сөзіне жазылған әндер орындалды.

Әсіресе, «Әке», «Туған жер», «Менің мақсатым», «Түсіме тау кіреді», «Шыда, шыда…», «Қызық өмір» өлеңдері мен «Райымбек! Райымбек!», «Аққулар ұйықтағанда», «Шәмшіге жазылған хаттардан» поэмаларынан оқылған үзінділер өте әсерлі шықты. Және «Сенің көзің», «Есіңе мені алғайсың», «Мен деп ойла», «Аманат», басқа да әндер орындалды.

Бірінші кезең бойынша бас жүлдені Дәметкен Серікова, екінші кезең бойынша Ғали Ізбасаров иеленді. Байқауға қатысушы жастар Мұқағали өлеңдерін жүректерімен сезіне оқып, көрерменді  тәнті етті.

 

Мәлике МӘЛІК

Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз