Жарнама
Жаңалықтар

Күмәнді әдебиетті кім таратады?

Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болды. Қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы Сағындық Лұқпановтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібіне екі мәселе ұсынылды. Олар – Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қа-білеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы мен  билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуін талқылау.

«Нұр Отан» – іс үстінде

Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытгүл Хаменова,  Марат Бопазов, Геннадий Шиповских, Нұрлан Дулатбеков және Жамбыл Ахметбеков қатысты.

Халық қалаулылары өздерінің өңірлерді аралаудағы мақсаттары мен Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы тарихи шешімінің қоғамды демократияландырудағы маңызын саралап берді.

— Біз  жұртшылықпен кездесіп,  осынау тарихи құжаттарға көзқарастарыңыз бен ұсыныс-тілектеріңізді, ой-пікірлеріңізді білсек деген мақсатпен келіп отырмыз, — деді  Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Орынбасарұлы.

— Жолдауда айтылған қазақ тілінің басымдылығын сақтай отырып, жаңа технология, жаңа нұсқаулық, жаңа экономика тілі – ағылшын тілінде 2019 жылдан 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді оқыта бастау орынды болады, — деген пікірін білдірген Бақытгүл Хаменова одан әрі кәсіпкерлікті қолдау тетіктері, отбасылық бизнесті дамытудың маңызына тоқталды.

«Нұр Отан» – іс үстінде+1

-Елбасы Жолдауда атап көрсеткендей, Қазақстан азаматтарына өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 млн. теңгеге дейін шағын несие алатын мүмкіндік туады. Бұл ауылдағы ағайынды тұрақтандыруға, жаңа кәсібін ашуға үлкен қолдау, — деген ойымен бөлісті Марат Бопазов.

Бұдан соң  Жамбыл Ахметбеков пен Геннадий  Шиповских  көп партиялы Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заңдардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың  серпін беретіндігіне тоқталды.

Қоғамдық кеңес отырысында Елбасы Жолдауында айтылған діни экстремизмді насихаттаудың алдын-алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік же-ліде оның жолын кесу жұмысын жүргізу мәселесі көтерілді. Мәселен, кеңес мүшесі, филология ғылымдарының докторы Қадыр Жүсіп соңғы уақытта үй аралап, күмәнді  әдебиеттер таратушылар көбейгенін, мектеп оқушыларының сабақ мезгілінде мешіт маңын торуылдап жүретінін   сынға алды. Ғалым Каспий теңізінің экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдіріп, қоршаған орта ахуалын жақсарту шараларын қолға алуды сұрады. Отырыста «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Ман-сұров айтылған мәселелерге орай түсінік берді.

Кеңес отырысын қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қорытындылады.

Бақытжан ЖҰМАТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button