Дамбыда мектеп, спорт кешені салынуда

gnnengege Жаңалықтар

Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылында мектеп, спорт кешені салынып жатыр.

Дамбы ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзуллин халыққа есеп беру жиынын өткізді. Оған Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жұмабек Қаражанов, депутаттар мен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дамбы ауылдық округі құрамына Дамбы және Амангелді ауылдары кіреді. Екі ауылда 626 адам тұрады.

«Өткен жылы екі ауылдың 7 көшесіне тас жол төселді. Сондай-ақ, 9 көшеге жаңа көше жарығы орнатылды. Ауыл тұрғындарын мазалап жүрген мәселенің бірі – спорт кешенінің жоқтығы болатын.  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында көпсалалы спорт кешені құрылысы жүріп жатыр, оны осы жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарда»  деді Ұзақбай Байзуллин.

Десе де, қазіргі таңда тұрғындарды көшелердегі жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы алаңдатып отыр.

Тротуардың болмауы себепті, мектеп оқушылары жол жиегімен жүруге мәжбүр. Бұл, әсіресе, көше лай болған кезде өте қиын.
Әкімнің айтуынша, ол мәселе де шешілуі тиіс.  Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер жолының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Енді бюджет бекітілуі керек.

Жиында құрылысы тоқтап тұрған 300 орындық мектеп жайы да сөз болды.
– Құрылыс 80 пайызға аяқталды, қазір жұмыс уақытша тоқтатылды. Жұмысына жауапсыз қараған мердігер компаниямен сот ісі жүріп жатыр. Іс аяқталғаннан кейін бұл жұмысты басқа компания жалғастырады»  деп жауап берді Ұзақбай Байзуллин.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз