ӘРБІР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА – СПОРТ КЛУБЫ

Қазақстанда болашақта әрбір жоғары оқу орнында спорт клубтары құрылатын болады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, қысқы Универсиаданың арқасында жоғары оқу орындарында спортқа жете мән беріледі. Елімізде 2014 жылы ұлттық студенттік Лига құрылды. Соның аясында алдыңғы жылы футзалдан, былтыр баскетболдан жарыстар өткізілді. Биыл волейболдан өткізу жоспарланды. Қазір елімізде спорт клубтары бар 35-тен астам жоғары оқу орны осы ұлттық студенттік Лига ойындарына қатысады. Егер бұрын олар тек өз студенттерінің күшіне иек артып келген болса, қазір жас, дарынды спортшыларды тарта бастаған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз