Жарнама
Жаңалықтар

“Isker talks” жұмысшы жастарға арналды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “Active youth” жобасы аясында Isker talks кездесуі өтті. Кездесуге Атыраулық 200-ге жуық жас қатысты.
Іс-шараға қоғам қайраткері, журналист, медиасарапшы Дана Нұржігіт, «Өмірге шексіз ғашық» және «Соңына дейін әйел» кітаптарының авторы, психолог, саяхатшы Динара Болат, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қаржылық сауаттылық бойынша сарапшы, экономист Дәулет Мұқаев пен баспана алудың қыр-сырын меңгерген сарапшы Ұлан Дәулетқали арнайы шақыртумен келді.

b1271c4e 6335 4555 aeae de8e2a75c1a5

Спикерлер жұмысшылар мәртебесі, эмоционалды интеллект, баспана алу, қаржылық сауаттылық тақырыптарында маңызды ақпарат берді. Мәселен, Ұлан
Дәулетқали: — Баспана алу – бұл ұзақ мерзімді жоспар мен тәртіпті талап ететін процесс. Ең бастысы, қаржылық сауаттылықты арттырып, өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалай білу керек. Баспана алу үлкен жауапкершілік пен қаржылық тәртіпті талап етеді. Алғашқы қадамдарыңызды бастамас бұрын, қаржылық мүмкіндігіңізді бағалаңыз, мақсат қойыңыз. Елімізде баспаналы болуды жеңілдетуге арналған бірнеше тиімді бағдарлама бар. Олар, «Атырау жастары» (5-10-19) және «Отау/Наурыз» (9-20-19) бағдарламасы. Мемлекеттік бағдарламалар мен банктік мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өз арманыңыздағы үйге қол жеткізе аласыз,-дей келе тұрғын үй алуға байланысты тиімді шешімдер туралы кеңестерін айтты.
Сондай-ақ, танымал спикерлер қатысушылардың жеке даму, тиімді саяхаттау аясында қойған сауалдарына жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button