ЖаңалықтарҚоғам
Исатай батырдың есімін еншіледі
Исатай ауданында Каспий теңізінің жағасынан «Исатай батыр» атты жаңа шекара заставасы ашылды.
Аудан басшысы Марат Мұрзиевтің айтуынша, атақты батыр есімін еншілеген застава Зинеден ауылына жақын маңда орналасқан. Бұрын бұл жерде Жанбай заставасының техникалық бақылау радиолокациялық нысаны болған. Енді облыстық әкімдіктің қолдауымен 50 адамдық жеке құрамға арналған ғимарат тұрғызылған. Айта кетейік, бұл – Жанбай ауылынан кейінгі осы аудандағы екінші застава.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Исатай ауданы.
Сурет Рахым ҚОЙЛЫБАЕВТІКІ.