e0c7d98afe3f600c0aec000c13ceb0ee 6769457b92 0d472cc1ba622ef5918b3b13f7808106

Білімді маманға сұраныс жоғары

Жаңалықтар Қоғам
46 / 100

Қай кезеңде де білімді де білікті мамандарға сұраныс жоғары. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті осы талап деңгейінен көрінуге күш салып отыр. Жоғары оқу орнының ректоры Саламат Идрисовтың айтуынша, бүгінде білім ордасында 7 422 жас білім алып жатыр. Соның 7 196-сы – студент, 226- сы – магистрант.

– С т у д е н т т е р д і ң шəкіртақысы 26 186 теңгені, педагог мамандықтарының шəкіртақысы 42 000 теңгені қ ұ р а й д ы . У н и в е р с и т е т талантты студенттерді қолдап, к ө т е р м е л е у м а қ с а т ы н д а «Алтын белгі» иегерлеріне қ о с ы м ш а 1 5 м ы ң т е ң г е шəкіртақы төлейді. Сонымен бірге профессор-оқытушылар қ ы з м е т і н б а ғ а л а у д ы ң д а түрлі механизмі ұжымдық шартта қаралған. Мысалы, бүгінгі таңда 55 оқытушыпрофессор 10-100 мың теңге аралығында қосымша үстемеақы алуда. Ол оқытушының бір о қ у ж ы л ы н д а а т қ а р ғ а н ғылыми, оқу-əдістемелік, тəрбие жұмысындағы тиімді көрсеткіштері үшін төленеді, – деді іргелі білім ордасының басшысы оқытушылар құрамын əлеуметтік қолдау, қолға алынып жатқан игі істер, материалдық көтермелеу мəселелеріне тоқтала келіп. Көптеген түлектің ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, сабылып жүретіні жасырын емес. Осы мəселеге байланысты жоғары оқу орны басшысының айтары бар екен. – Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 2018 жылы – 83%, 2019 жылы – 85%, былтыр 89%-ды құрады. Соңғы жылдары оқу орнымыздың рейтингі жоғарылап келеді. Көпсалалы жоғары оқу орындары арасында еліміз бойынша алғашқы ондыққа енді.

Алдағы мақсат – жетіліктің қатарынан көріну.

Университет Тəуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кешенді жұмыс жоспарын дайындады. Олар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Мысалы, 30 атаулы аудитория ашуды, 30 атаулы шəкіртақы тағайындауды, 30 қайырымдылық шара өткізуді жоспарлаудамыз, – деді Саламат Идрисов. Студенттердің 996-сы – мемлекеттік грант, 233-і – серпін гранты, 344-і – əкім гранты, 60- сы – университет грантымен оқып жатқандар. Жыл өткен сайын университетке талантты жастар көптеп келуде. Айталық, 2017 жылы «Алтын белгі» иегерлері 12 болса, қазір ол 96- ға жеткен.

Лиза СЕЙТІМОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған