«iPhone 11» кімге бұйырды?
Atr.kz/30 желтоқсан, 2019 жыл. «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің оқырмандары арасында алғаш рет ойнатылған лоторея ұтыс ойыны кеше қорытындыланып, су жаңа «iPhone 11» ұялы телефондарының иелері анықталды. «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубына көп адам жиналды.
Сонымен, ойын қорытындысымен буға арналған үтікті Жұмазия Ақбаева, Шолпан Оразбаева, микротолқынды пешті Жолдас Есқараев пен Марат Шунгарин, шырын сыққышты Жұбандық Жетібаев, Роза Өтеғалиева, кәстрөлді Гүлбар Сабирова, М.Точилин, шаңсорғышты Асқар Бакаров, Х.Мәжитов жеңіп алды. Сондай-ақ, Ж.Есқалиева мен Расулла Ермашев шешендік өнер курсына жолдама ұтып алды.
– Мен жергілікті басылымдардың барлығына жазылуға тырысамын. Ұтыс ойындарына да жиі қатысамын. Жүлделі болып та жүрмін. Бұл жолы да жеңіске үміттеніп келіп едім, сыйлыққа ие болдым. Ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін, — деді ол.
Ал, басты сыйлық – «iPhone 11» ұялы телефоны Сахибеден Бекенов пен Ұлмекен Басурманованың бағына бұйырды.
Сонымен бірге, жыл бойы ұйымдастырылған «Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауының жеңімпаздары да марапатталды.