Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯЭкономика

«Інжу» шеберханасы кәсіби бағдар береді (+ФОТО)

Atr.kz/8 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласында 2018 жылдан бері «Шанс» әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау көрсету орталығы жұмыс жасайды. Мұнда заңбұзушылық жасаған, қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болған, дәстүрлі емес дін ағымдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған жасөспірімдерге және пробациялық бақылауда тұрған әйелдерге көмек көрсетеді.

 Бүгін аталған орталықтың жанынан Израиль мемлекеті Елшілігінің қолдауымен «Право» қоғамдық қорының «Інжу» шеберханасы ашылды. Израильдің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман шеберхананың тұсауын кесіп, азаматтарды әлеуметтік қолдау аймағының жұмысына сәттілік тіледі.

Құрметті мейманға шеберхананың  атқаратын қызметі туралы Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау орталықтарын дамыту «Право» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Рыль түсіндірді.

  • Өңірлерде орталықтың 17 бөлімшесі бар. Ал, мына шеберхана маникюр, шаштараз, кондитер маманы болуға үйретеді. Оқу курсы 10 күндік және 1 айлық. Кәсіби курстан өткен қыз-келіншектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі де болады.
  • Осылайша, орталыққа үміт артып келген әр адамның қоғамға бейімделіп кетуіне үлес қосады, — деген Ольга Владимировна Елшіліктің өкіліне қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

img 20201007 wa0157
img 20201007 wa0158
img 20201007 wa0156 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button