Құлсары қаласында 30 ауланы абаттандыру жұмысы басталды

375729534 787153250084901 3114105245620104071 n Жаңалықтар

Құлсары қаласының алты ықшам ауданының 30 ауласын абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асады. Жобалаушы мекеме «Вибо-строй» ЖШС. Мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС.

-Аталған жоба аясында №1, 2, 3, 4, 5 және Ұ.Абдрахманов (Новостройка) көшесінде орналасқан 30 үйдің ауласына ойын алаңы, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы салынып, асфальт төселеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бөлшектеу және геодезия жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды 2024 жылдың күз айларына дейін аяқтау жоспарланып отыр, – деді Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Жанғазы Еркінов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз