Жарнама
Жаңалықтар

Индердегі «Жас өркен» лагерінде 1000-нан астам бала демалады

Индер ауданы, Елтай ауылындағы «Жас өркен» жазғы лагерінде алты кезең бойы облыс көлеміндегі 1008 баланың жазғы демалыспен қамтылуы жоспарланған.
Лагерь «Қазақстан геологі» емдеу пансионаты КҚМК-ның теңгерімінде жұмыс істейді.
Алғашқы маусымда Атырау қаласынан 168 оқушы тынықты. Жалпы бір кезеңнің ұзақтығы – 10 күн.

img 9454

-Биыл ақпанда Индер ауданында орналасқан лагерь “Қазақстан геологі” коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне берілді. Лагерь аумағында 5 ғимарат бар: оның төртеуі – жатын корпустар, біреуі – асхана. Мамыр айында оларға жөндеу жұмыстары жүргізілді,- деді “Қазақстан геологі” емдеу пансионаты директорының міндетін атқарушы Шолпан Есқалиева.

Лагерьде әртүрлі мәдени шара мен спорттық сайыстар өткізіледі. Демалушыларға 6 мезгіл құнарлы тамақ беріледі. Сонымен қатар балалар концерттік бағдарламаларға қатысып, кинофильмдер тамашалайды. Аумақтың медицина мамандары тәулік бойы қызмет көрсетіп, балалардың денсаулығын бақылауда ұстайды.

img 9459

-Осында келген сәттен бастап жетекшілеріміз жылы қарсы алды. Ағай-апайлармен танысып, жақсы тіл табыстық. Таңғы 7-де тұрып, түсте демаламыз. Кешке көңілді кештер мен ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Лагерьдегі уақыт өте қызықты өтуде, — деді оқушы Інжу Тұрақбай.

img 9456

Қазіргі уақытта екінші кезең басталған. 24 маусым мен 3 шілде аралығында лагерьде Атырау қаласы, Индер және Исатай аудандарынан тағы 168 оқушы демалады. Жазғы маусым 21 тамызға дейін жалғаспақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button