Жарнама
Жаңалықтар

Халықаралық байқаушы: Қазақстандықтар ерікті түрде дауыс беріп жатыр

Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстандағы тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені Монтасер Абу Зейд кезектен тыс Президент сайлауының ұйымдастырылуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз таңнан бері 13 учаскеге барып шықтық және дауыс беру процесі өте жақсы, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрдік. Ешқандай заңсыздық байқаған жоқпыз. Адамдар жақсы көңіл күймен, ерікті түрде, ешбір қысымсыз дауыс беріп жатыр. Жергілікті байқаушылардан ешқандай шағым алған жоқпыз», — деді халықаралық байқаушы.

Айтуынша, ол осымен үшінші рет қазақстандықтардың дауыс беру процесіне байқаушы ретінде қатысып отыр.

«Мен Қазақстанда осымен төртінші рет Президент және Парламент сайлауында, Референдумда халықаралық бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Қазақстан халқын қазір елде жүргізіліп жатқан табысты экономикалық және саяси рефмормалармен құттықтағым келеді. Сондай-ақ, Қазақстанға бебітшілік, гүлдену және қауіпсіздік тілеймін», — деді Елші.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button