Атырауда апатты үйлердің мыңға жуық тұрғыны баспаналы болды

ad807627 c2a8 49e3 9fbf 9ebc1541f352 1024x682 1 Жаңалықтар

Биыл Атырау қаласында апатты үйде тұратын 813 отбасы пәтерлі болып, қоныс тойын тойлады.

Биыл қуанышқа кенелгендер арасында ұзақ жылдар баспана азабын тартып келген қарабатандық 27 отбасы бар. Олар Жұлдыз шағын ауданындағы су жаңа пәтерлерге орналасты.  60-шы жылдары салынған, газ тартылмаған ескі үйлерде тұрып келді. Елдімекендерінде автокөлік жолдары мен көше жарығы болған жоқ еді.

«Қалаға көшуді асыға күткен едік. Біз үшін бұл үлкен қуаныш»,- дейді теміржол саласының ардагері Назымгүл Өтеуова.

Биыл осылайша тозығы жеткен үйлердi мекендеуге мәжбүр болған халықтың 40% – ы жаңа баспанаға көшті. Алдағы уақытта 1500 жаңа пәтер  тапсырылса, өңірдегі апатты үй тұрғындарының мәселесі түбегейлі шешiледі. Осы мақсатта жыл соңына дейін Атырау қаласындағы Молдағалиев көшесі 30, 33 А және Төлебаев көшесі 44 мекен-жайындағы жатақхана тұрғындарын баспанамен қамту жоспарланған.

Сонымен бірге, Атырау қалалық әкімдігі ескі үйлердi күреумен қатар, аталған тұрақтардың инфрақұрылымын пайдалана отырып, жаңа үй құрылысын жүргiзуге инвесторлар тарту, тиісті техникалық кепілдіктердi сақтай отырып, аз шығынмен, ескі үйлердi қалпына келтіру жолдарын карастыруда.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз