Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА 300 ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСУДА

Atr.kz/ 11 сәуір, 2019 жыл. Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы.

Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады.

Конференция жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз,  Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов, Қытай Ислам қауымдастығының төрағасы Хасан Фа Мин, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев, Моңғолия мүфтиі Батырбек Хадыс, Финляндиядағы Ислам орталығының төрағасы Голтен Бедретдин, т.б. дін қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органның басшылары, зиялы қауым өкілдері, жалпы саны 300 делегат қатысуда. 2019 – Жастар жылы аясында өтіп жатқан конференция мақсаты – өскелең ұрпақты деструктивті ағымның ықпалынан сақтандыру, оларға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу мақсатында Еуразия және Орталық Азия елдері дін қайраткерлерінің күшін біріктіру, тәжірибе алмасу, «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, жаһандық діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну, ұлтаралық, конфессияаралық диалогты нығайту, т.б.

Дереккөз: «Мүфтият. кз»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button