Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

«ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛ ДА, ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ!» – Жеңімпаздар анықталды!

Биыл «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Еуразия банкі» акционерлік қоғамының демеушілігімен – ғасырлық тарихы бар облыстық қоғамдық-саяси «Atyraý», «Прикаспийская коммуна» және аудандық газеттерге бір жылға және жарты жылға жазылған оқырмандар арасында ұтыс ойынын жариялаған болатын. 29 желтоқсанда «Caspian News» телеарнасының тікелей эфирі барысында жеңімпаздар белгілі болды.

Пандемия жағдайына қарамастан «Атырау- Ақпарат» медиахолдингі биылғы жылды табысты және оң нәтижемен аяқтап отыр. Атап өтсек, биылдың үшінші тоқсанынан бастап мекеме қызметкерлерінің жалақысы 15 пайызға артты. Сондай-ақ, осында шығарылатын полиграфиялық өнімдердің ассортименті де ұлғайды. Биылдың өзінде «Атырау – Ақпарат» баспасынан 47 кітап басылып шықты.

Тағы бір үлкен жетістік, «Atyraý» газеті «Аманат» сыйлығының жеңімпазы атанды. «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында өткен республикалық байқауда «Мақат Тынысы» газеті «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды.

45bbb2a9 7824 49ef 8f44 213f2dabd2ef

Жалпы, аймақтың саяси-экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени-тарихи, және басқа да сан салалы тыныс-тіршілігі «Atyray», «Прикаспийская коммуна» және аудандық газет беттерінде толық әрі тұрақты түрде қамтылып отырады. Бүгінде аталған басылымдар заманауи «D2» форматына көшіп, сапалық және көркемдік тұрғыдан жаңа деңгейге шықты.

Бүгінде елімізде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде 35-40 жасқа дейінгі азаматтар басылымнан гөрі электронды форматты көбірек қолданады екен. Осы жағы ескеріліп, медиахолдингке қарасты газет оқырмандары үшін оның электронды нұсқасына жазылу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Өз кезегінде серіктестік басшылығы тың технологиялық жаңашылдықтар жалғасын табатындығын атап өтті.

5891e1a2 70be 4a2f bba0 d88714ea7afe

Ұтыс ойынына оралсақ, оған барлығы 17 830 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Жалпы жүлде қоры – 300 000 теңгені құрады. Бас жүлде – 100 000 теңге! Сонымен бірге, екі 50 000 және 25 000 теңгелік, бес 10 000 теңгелік ақшалай сертификат ойнатылды. Жүру барысын «Еуразия банкінің» жалақы жобаларын сату бөлімінің басшысы Гүлмира Аюпова, ерікті, «Атырау облысы су арнасы» мекемесінің механигі  Талғат Тұрғанбаев, облыстық ішкі саясат басқармасы  «Азаматтық орталығы» мекемесінің директор орынбасары Фархад Карапиденов және аталған орталықтың тағы бір маманы Нұралы Ғұмаров тәуелсіз байқаушы ретінде қадағалады.

Алдымен оқырмандардың жазылу түбіртегі түгел автоматты түрде тіркеуден өтті. Кейін компьютердегі кездейсоқ сандар арқылы жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар онлайн-лоторея барысын «Caspian News» телеарнасының тікелей эфирінен және әлеуметтік желіден тамашалады.  

Нәтижесінде, 50 мың теңге Нұржау ауылының тұрғыны Маркс Аруов пен Айгерім Медетоваға бұйырды. Ал, Бас жүлдені Шортанбай ауылдық округінің тұрғыны Анар Махмутова ұтып алды.

Айта кетейік, биылғы қараша айында атыраулықтар жергілікті газеттерге жазыла бастады. Бүгінде олардың саны 15 мыңнан асады. Оның ішінде аудандық «Қызылқоға» газетіне жазылушылар 100,4 пайыз,  «Серпер» газеті бойынша 112,4 пайызды құрап отыр.  

d529bcd8 2a86 4ad9 a453 8456749d95e3

Ұтыс ойынының бас демеушісі болған «Еуразия банкінің» жалақы жобаларын сату бөлімінің басшысы Гүлмира Аюпованың айтуынша, биылғы жыл аталған банк үшін де жоғары жетістіктермен есте қалмақ.

– 26 жылдық тарихы бар «Еуразия банкі» АҚ еліміздегі ең үздік он банктің қатарында келеді. Тұтынушылар үшін енді «Google Pay» қосымшасы да қолжетімді болды. Олар алғашқылардың бірі болып заманауи қызметті кеңінен пайдалана алады. Бұл қосымша елімізде 7 желтоқсаннан бастап іске қосылған еді. Оны 5.0 нұсқасындағы Android операциялық жүйесімен және NFC технологиясымен қамтылған смартфоны бар тұтынушылар қолдана алады. Бұл үшін «Smartbank» мобильді қосымшасына кіріп, «картаны Google Pay-ге қосу» батырмасын таңдау керек. Осылайша кез келген төлемді жасауға болады. Оның үстіне, 2 пайыз бонус қосылады. Мұндай мүмкіндік тек «Mastercard» және «Visa» төлем жүйесінде ғана бар. Төлемдердің қауіпсіздігіне банк толықтай кепіл бере алады. Толығырақ «support.google.com/pay» сілтемесіне өту арқылы танысуға болады, — дейді ол.

  • Айта кетейік, «Еуразия банкінің» бөлімшелері:

«Авангард-2» ы/а, 12, 1-қатар;

М.Баймұханов, 60 «а»/2;

М.Баймұханов, 68 «б»;

Азаттық, 66, 1-қатар;

А.Құнанбаев, 22;

Б.Құлманов, 107, 1-қатар;

Құлсары қаласы, И.Тайманов, 188 (автобекет);

Махамбет ауылы, «Аққу» сауда үйі (шағын кеңсе) мекен-жайларында орналасқан.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button