«Нұрсұлтан Назарбаев жоғары саяси мәдениетті көрсетті» дейді әзербайжандық сарапшы

20181105122811 Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Әлемдік қоғамдастық үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтатқаны туралы шешімі шынымен де күтпеген жағдай болды, деп есептейді әзербайжандық саясаттанушы, Кавказ тарихы орталығының директоры Ризван Гусейнов.

«Нұрсұлтан Назарбаев жоғары саяси мәдениеті мен билікті беру мәдениетін көрсетті. Себебі, біз көптеген елдерде, әсіресе посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерде биліктің ауысуы, бұрынғы көшбасшылардың кетуі және жаңа басшылардың келуі әдетте геосаяси кикілжің, ішкі саяси мәселелер және әлеуметтік дүрбелеңге байланысты екенін білеміз», – деді сарапшы.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билікті берудің жоғары мәдениетін көрсете отырып, елдегі билік институтын дамытуды демократиялық жолмен жалғастыруға жол ашты. Нұрсұлтан Әбішұлы бірқатар қызметтерді жалғастыра береді және оның кеңестері үнемі қажет болады», – деп атап өтті ол.

00 1

Сарапшы Президенттің міндетін уақытша атқарушы туралы да айтты. «Елді басқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев – Нұрсұлтан Назарбаевтың жанында жүрген тәжірибелі саясаткер. Назарбаев кәсібилерден, соның ішінде жас мамандардан құралған қарқынды демократиялық команда құрды. Бұл бізге бауырлас Қазақстанның өз дамуын жалғастыратынына сенім береді. Қазақстандағы билікті беру басқа елдерге де үлгі болады», – деп түйіндеді ол.  

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз