АТЫРАУЛЫҚ ЗАРИНА ТАҒЫ ДА – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ !

Zarina Aziya2 Жаңалықтар

Atr.kz/4 сәуір, 2019 жыл. 1-10 сәуір күндері Шри-Ланка елінде шахматтан балалар мен жасөсіпірімдер арасында өткен Азия чемпионатында атыраулық 9 жасар Зарина Нұрғалиева  бір алтын, бір қола  медаль иемденіп, екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанып отыр.

Азия құрлығының кіл мықты жас шахматшылары  бас қосқан  биылғы бәсекеде  Қазақстан құрамасының сапында Атырау қаласындағы №1 мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылыры Сабырбай Гайсин мен Жәнібек Аманов дайындаған атыраулық Диляра Ғабитова, Аят Абдуллаев және Зарина Нұрғалиева сынды үш спортшымыз бақтарын сынады.

zar

Былтыр осы елде өткен құрлықтық жарыста «блиц» түрі бойынша алтын, «рапид» түрінен күміс еншілеген Зарина осы жолғы шаршы тақтадағы ойындарында «рапид» түрінен жеті кездесу өткізіп, жетеуінде де жеңіске жетсе, «блиц» түріндегі жеті ойынының біреуінде ғана есе жіберді.  

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз