«Газет оқыған адамның интеллектісі артық»-Өтепберген Әлімгерейұлы

o.a Жаңалықтар

Жазушы, өлкетанушы, Атырау облысының Құрметті азаматы Өтепберген Әлімгерейұлы газет оқудың артықшылығын айтып берді, деп жазады atr.kz тілшісі.

Жазушының айтуынша, мерзімді басылым – ең бірінші халықтың үні. Сондықтан ол алдымен елге, соның ұлтына қызмет етуі керек. Әр басылымның өзіндік ұстанымы болады. Ұдайы көтерер басым тақырыбы болғаны дұрыс.

«Бір басылым бүтін бір мемлекеттік орган істей алмайтын жұмысты атқаруы тиіс. Бұрын фельетонға іліккен мекеме басшысы аман қалмайтын. Басылымның күші бұл. Газет өзі өмір сүрген кезеңнің құлағы, үні, тілі болып, айналасына ұлт болашағын ойлаған қазақ азаматтарын біріктіруімен де құнды. Қоғамның иммунитетін күшейтетін де осы баспасөз. Әр нәрсенің өзінің құнары, өзегі болатыны секілді, басылымдардағы дүниелердің мықты қайнары, қуаты болуы керек. Иә, бәлкім, форматы, оқырманға жеткізілуі жағынан өзгерер, бірақ мазмұндық, талдамалық тұрғыда бірде-бір ақпарат көзі газетті басып озған жоқ. «Гаджет газетті алмастырды» деп байбалам салып жүрміз ғой, кітап пен газет оқыған адамның интеллектісі оқымағаннан едәуір артық. Мысалдың қажеті жоқ, газет-журнал деген шығып, ел арасына тарап, жұрт жаппай оқи бастағанда өркениет пен ғылым қарыштап дамыды. Сондықтан, қандай басылым болсын, оқырманымен бай!»,- деп пікірін білдірді Ө.Әлімгерейұлы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз