Өрт кезінде үш айлық сәби аман қалды

img 20240417 wa0004 Жаңалықтар

Кеше 16 сәуір сағат 19:46 шамасында Атырау қаласында Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны жөнінде құзырлы органға хабарлама түседі. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, пәтердегі асхана бөлмесінің толықтай жануын сөндіріп, 4 адамды құтқарады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

Құтқарушылар өрт кезінде тұрғын үйден адамдарды автосаты арқылы шығарады. Оның ішінде 2 баланы, соның бірі 3 айлық сәбиді қауіпсіз жерге алып шығып, анасына табыстады.

-Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт – «тілсіз» жау. Сондықтан облыс тұрғындары мен қонақтарына барлық жерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз, – дейді департаменттің ресми өкілдері.

Айта кету керек, бұл оқиғаға барлығы 18 сала қызметкері, 5 техника жұмылдырылды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз