Жарнама
Жаңалықтар

ФРАНЦУЗДАРДЫ АТЫРАУ ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ

Кездесу барысында аймақ басшысы мұнайлы өлкеде қолға алынған іргелі инновациялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан жұмыстар және мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларының дамуы туралы айтты.

— Атырауда елуге жуық елдің компаниялары жұмыс жасауда. Оның басым бөлігі – мұнай өндірісінде. Франциямен байланыс жөнінде айтар болсақ, қазіргі таңда Атырау өңірінде франциялық инвестицияның қатысуымен төрт кәсіпорын қызмет етіп отыр. Тауар айналымы көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылдың көрсеткіші бойынша, тауар айналымы көлемі 4 миллиард 300 миллион долларды құрады. 2013  жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш едәуір жоғары, — деді Б.Ізмұхамбетов.

Облыс басшысына қонақжайлылығы үшін алғыс білдірген Ренар Патрик Атырау облысының даму қарқынын жоғары бағалады. Сондай-ақ, Францияның екінші қаласы саналатын Марсель мен Атырау шаһарлары арасындағы жан-жақты серіктестікті дамыту жөнінде ұсынысын ортаға салды.

— Марсель – Францияның ең үлкен портты қаласы. Мұнда мұнай өңдеу зауыты жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қаланы мекен ететін 1 миллион 700 мың халыққа сапалы қызметтер көрсетуде мол тәжірибеге ие. Бұған қоса, Еуропалық мәдениет астанасы саналатын Марсельде туризм саласы да мықты дамыған, — деді  Францияның Алматы қаласындағы Бас консулы  Ренар Патрик.

Оның ұсынысын қолдаған облыс әкімі, алдымен, нақты қай бағыттарда серіктестікті дамытуды айқындап алу қажеттігін баса айтты.

— Атырау облысы басшылары шетелдерге жиі шығып, жаңа инвесторларды тартып отырады. Біріккен кәсіпорындар да жасақтауға болады. Атырауда өзен порты бар. Сондықтан, өзге салалармен қоса балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Бүгінгі күні 16 кәсіпорын балық өнімдерін шығарумен айналысып, Еуропаның бірқатар елдеріне жеткізіп отыр. Елу түрлі дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыттың да  құрылысы жүруде. Бұл бағытта біз Чехия мемлекеті өкілдерімен серіктестік орнаттық. Бұдан басқа да тың бастамаларымыз бар. Франция елімен де бірнеше бағытта іскерлік ынтымақтастық орнатуға болады, — деді Б.Ізмұхамбетов.

Енді қос қала басшылары маусым айында Марсельде кездеспекші.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button