Жарнама
Жаңалықтар

FAKE: «Әйелдер мен балалар шұғыл қаладан кетуі керек!»

Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде «әйелдер мен балалар шұғыл 15-16 сәуірге дейін Атырау қаласын тастап шығуы керек. Сабақ онлайн форматқа ауысты. Тасқын су келген жағдайда жарық екі ай болмайды» деген ақпарат тарап, көпті үрейлендіріп жатыр.

Мәселеге байланысты Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

–Атыраудағы коммуналдық қызметтер төтенше жағдай режимінде қалыпты жұмыс істеуде. Тасқынның алдын алуға қатысты қауіпсіздік шаралары тәулік бойы жалғасуда, — дейді жедел штабтың өкілдері.

Сондай-ақ ресми өкілдер төтенше жағдай режимі кезінде жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын тағы да қаперге берді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button