Атырауда мұнай компаниялары бес балабақша салып берді

2cfae52d430bf611a7d558767e623bee Жаңалықтар

Ағымдағы жылы Атырауда демеуші компаниялар есебінен бес балабақшаның құрылысы аяқталды.

2cfae52d430bf611a7d558767e623bee

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында журналистер сауалдарына жауап берген аймақтық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей  Жантуреев, мұнай компанияларының Жана-Қаратон поселкісінде 280 орындық, Қосшағыл және Тұрғызба ауылдарында 160 орындық, Құрманғазы ауданының Ганюшкин селосында 200 орындық, Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылында 100 орындық балабақшаның салынуына тікелей демеушілік жасағандарын айтты. Бүгінгі күні облыс бойынша 3426 орындық 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

             Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз