Facebook жіберген хатты өшіру мүмкіндігін іске қоспақ

240223967 Жаңалықтар

Facebook желісінде жағымды жаңалық. Енді барлық желі қолданушысы бірнеше айдан кейін жіберген хабарламасын өшіре алады.

240223967

Жуырда Facebook бас директоры Марк Цукербергтің өзін өзгеге жіберген хатты өшіру мүмкіндігімен қамтамасыз еткені белгілі болды. Осы жаңалықтың таралғанына бірнеше сағат өткен соң аталған мүмкіндіктің өзгелер үшін де қолжетімді болатыны айтылды. Дәлірек айтсақ, бұл өзгеріс Facebook желісіне бірнеше айдан соң енгізілмек.

Аталған компания қызметкерлері бұл қызмет түрінің қалай нақты жұмыс істейтінін түсіндірмеген. Сол себепті, бұл қызмет түрі алдағы уақытта Марк Цукербергте ғана болуы ғажап емес.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз