Атырауда «сөйлейтін» аялдама пайда болды

rorlorlrlrlr Шаһар шырайы

Атырау қалалық əкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Авангард-4 шағынауданындағы «Перзентхана» аялдамасына арнайы ақпараттық таблосы бар тақта орнатылған.

Бұл – қаладағы алғашқы пилоттық жоба.

  • «Ақпараттық тақта қала əкімінің бастамасымен орнатылды. Оны «Смарт Атырау» КММ əзірледі. «Перзентхана» аялдамасындағы ақпараттық табло-да маршрут нөмірі, соңғы аялдама мен автобустың келетін уақыты көрсетіледі. Ал, нашар көретін жəне зағип жандар үшін дыбыс нұсқасы бар. Дауыспен хабарлау екі тілде – қазақша жəне орысша айтылады. Аталған деректерді білу үшін сары нүктені басу қажет. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолжетімді орта құру үшін жасалды» делінген қалалық əкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жолдас ҚАЙДАРОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз