Жарнама
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МАНСАПТЫҚ МОДЕЛІНЕ КӨШЕМІЗ

 

«100 нақты қадам» жоспарының ішіндегі мемлекеттік қызметкердің мансаптық моделіне көшу туралы мәселе – өте дұрыс шешім. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, әсіресе континетальды Еуропа елдерінде мансаптық модель – кәсіби, мамандандырылған, тереңдетілген мемлекеттік қызметкерді даярлауға бет бұрған модель.

Яғни, адам әуел баста «мен мемлекеттік қызметші боламын, менің кәсібім, менің мансабым – осы салада болады» деген шешімге келеді де арнайы жоғарғы оқу орнына түседі. Оқу орнын бітіріп, мемлекеттік қызметке кіреді. Яғни, бұл модель әскери модельден шыққан. Мысалы, әскери училищені бітіріп, лейтенант болып шығады. Ары қарай әскери қызметке кіріп, аға лейтенант, капитан, майор, сөйтіп, генералға дейін өседі. Міне, мемлекеттік қызметтегі мансаптық модель осыған ұқсайтын болады», — дедi С. Нұрбек.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button