«ЕРЛІКТІҢ КУӘСІ БОЛДЫМ» (+видео)
Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Пандемияға байланысты, Атырауға арнайы сапармен жіберілген мәскеулік дәрігер осылай деді. Біз «қызыл» аймақтағы ахуалды көзбен көру үшін, Атырау облыстық ауруханасы жанындағы провизорлық стационарға арнайы барған едік. Негізінен ауыр науқастар жатқан стационардағы ахуал өз алдына бөлек тақырып. Бүгін назарларыңызға Ресей Федерациясының Мәскеу маңындағы Королева қаласынан келген дәрігермен арадағы сұхбатты ұсынып отырмыз.
– Атырауға келгелі қандай айырмашылықтарды байқадыңыз?
– Мәскеуге қарағанда, бұл аймақтағы науқастардың жағдайы ауырлау. Көпшілігі оттегіге зәру. Бұл өкпенің көп бөлігінің қабынуына байланысты. Науқастардың көпшілігінің өкпесі 70, 80, 90 пайызға дейін зақымданған. Мәскеуде мұндай науқастар саны аз болды.
– «Қазақстандық медиктер коронавирусқа шалдыққандарды дұрыс емдемеген» деген ақпарат тарады. Бұл мәселеге не айтасыз?
– Қазақстандық дәрігерлер мен ресейлік дәрігерлердің емдеу тактикасы бірдей. Бұл жерде біз қол күші ретінде көмекке келіп отырмыз десек те болады. Кез келген уақытта науқастың жағдайы ауырлап кетуі ықтимал. Ауа жетіспеуі салдарынан науқас күтпеген жерден реанимация бөліміне ауыстырылуы мүмкін. Өйткені, жағдайды болжау мүмкін емес. Науқастардың көпшілігі концентраттарда, аппараттарда жатыр. Жұмыс өте қауырт.
Менімен бірге келген ресейлік дәрігерлердің бірде- біреуі «Қазақстандағы емдеу тактикасы дұрыс емес» деген мәлімдеме жасаған жоқ. Әрине, айырмашылықтар болады. Бірақ, негізгі терапия біздің хаттамамызға сәйкес келеді. Сондықтан, оны жаңсақ ақпарат деп ойлаймын. Мәскеуден келген дәрігерлер ондай пікірде емес.
– Стационарлардағы қазіргі ахуал қандай?
– Әрине, оң динамика байқалады. Яғни, науқастардың арасында жазылып шығып жатқандар бар. Өкінішке қарай, жағдайы ауыр науқастар да жетерлік.
Оның үстіне, Атырауда күн өте ыстық. Біз стационарда тәулік бойы жұмыс істеп жүрген жоқпыз. Үзілісіміз б а р . Т ү с к і а с , кешкі асқа шығып тұрамыз. Соның өзінде, киімімізді ауыстырған уақытта денеміз малмандай су болып жатады. Ал, жергілікті дәрігерлерде ондай үзіліс жоқ. Олар ауруханада кезекшіліктен кейін де қалады. Қазақстандық дәрігерлерге шын мәнінде ауыр салмақ түсуде.
Біріншіден, моральдық тұрғыдан алғанда ауыр. Екіншіден, физикалық тұрғыда оңай емес. Әріптестерімнің алдында шын мәнінде басымды иемін.
– Қазір адамдар интернет ақтарып, сонда ұсынылған ем түрлерін өзінше жасаумен айналысып кетті. Жалпы, қандай жағдайда дәрігердің көмегіне жүгінген дұрыс?
– Ең алдымен, адам үрейге берілмеуі керек. Егер адамда үш күннен астам уақыт дене қызуы түспесе, дем алысы қиындаса, міндетті түрде дәрігер шақыруы керек.
Тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емх ана ның уч а с к е л і к терапевт-дәрігері әрі қарай ұсынымдар береді. Егер адам өздігінен дем алатын жағдайда болса, қызуы түссе, ондай науқастарды стационарға жатқызудың қажеттілігі жоқ. Бірақ, науқас міндетті т ү р д е амбулаториялық жағдайда және дәрігердің нұсқаулығымен емделуі тиіс. Өйткені, дәрігерден басқа ешкім науқастың денсаулық жағдайын бағалап, дер кезінде стационарға жатқыза алмайды. Көп жағдайда дәрігердің к өме г і н е жү г і н б е г е н науқастардың жағдайы ауырлап жатады.
Сондықтан, сабыр сақтай отырып, тиісті мамандардың к ө м е г і н е ж ү г і н у г е шақырамын.
Зімбір және басқалар қосымша көмек болуы мүмкін, бірақ, ол біз емге қолданып жатқан стандартты терапияны алмастырмайды.
– С ұ х б а т ы м ы з д ы қорытындыласақ…
– Қазіргі уақытта Мәскеуде шұғыл жағдайда ашылған госпитальдар біртіндеп жабылып жатыр. Атырауда да науқасты емдеудің тиімді әдісі жолға қойылғанын көріп отырмыз. Бүгінгі таңда мұнайлы облыста оң өзгеріс байқалып отыр. Егер тұрғындар карантин талаптарын сақтап, үйге қонақ жинамайтын болса, көп ұзамай науқастар саны айтарлықтай азаяды деген болжамымыз бар.
Сұхбаттасқан: Баян ЖАНҰЗАҚОВА