Жарнама
Жаңалықтар

Еркінқала және Балауса ықшам аудандарында жол құрылысы жұмыстары жалғасуда

Еркінқала ауылдық округінде жол құрылысын салу жұмыстары жалғасуда. Жалпы, ұзындығы 17,9 шақырымды құрайтын бұл көшелердің құрылысымен «Атырауинжстрой» ЖШС айналысуда.

Балауса ықшам ауданының 34 көшесіне жол салынып, аталған аумақ толықтай қамтылмақ. Күні бүгінде барлық көшеге астыңғы қабатын дайындау жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысының алғашқы ірі түйірлі қабаты төселді. Сонымен қатар, Еркінқала және Ракуш ауылындағы 9 көшеде негізгі қабаттар жасалуда. Аталған аумақтардағы жол құрылысы биылғы жылы толықтай аяқталып, қолданысқа беріледі.

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жаңа жолдардың бір жақ бөлігінде жаяу жүргіншілер жолы толықтай қарастырылған.

Сондай-ақ, Еркінқала-2 ауылына жалпы ұзындығы 60,2 шақырымды құрайтын 46 көшенің тас жол құрылысын жалғастыру жоспарланған. Күні бүгінге дейін 38,5 км құрайтын 27 көшенің негізгі қабаттары салынып, оның 16,2 км бөлігіне ірі түйірлі асфальт жабындысы төселді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button