Атырау облысы әкімдігінде «Ауыл – ел бесігі» жобасының орындалысы талқыланды

whatsapp image 2021 10 08 at 11.23.15 1 Жаңалықтар

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен «Ауыл – ел бесігі» жобасының орындалысы талқыланды»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаның орындалысы туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева баяндады.

«Қызылқоға ауданында 10 жоба, Құрманғазыда 4 жоба, Индер, Исатай аудандарында 3 жобадан және Атырау қаласы мен Махамбет ауданында 1 жоба бекітілген. Барлық 22 жоба бойынша мердігер мекемелер анықталды.
Қазіргі уақытта 4 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталды, жыл соңына дейін тағы 4 жобаның құрылысын аяқтау жоспарда. Қалған 14 жоба 2022 жылға ауыспалы»,-деді ол.
Сонымен қатар, басқарма басшысы ағымдағы жылы «Ауыл –Ел бесігі» жобасы аясында іске асырылатын жобалар тізбесіне Индер ауданы бойынша жаңа 2 жоба ұсынылғанын хабарлады.

Ал, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Зайнолла Маненов жобада қаралған құрылыс жұмыстары бойынша жеке-жеке тоқталып өтті.
Сондай-ақ, отырыста бұл бағыттағы кейбір жобалардың жүзеге аспау себептерін нақтылау үшін қала, аудан әкімдерінің де пікірі тыңдалды.
Жиын соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов кейбір жобалар бойынша зерделеп, жұмысты қатаң бақылауға алуды міндеттеді.
«Өздеріңізге белгілі, «Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту және ауылдарды тұрақты дамыту болып табылады. Сондықтан, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын күнделікті бақылауда ұстап, олардың уақытылы және сапалы аяқталуы қамтамасыз етілуін тапсырамын»,-деді М.Досмұхамбетов.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, басқарма басшылары және селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.

whatsapp image 2021 10 08 at 11.23.15
whatsapp image 2021 10 08 at 11.23.14
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз