Жарнама
Жаңалықтар

Еріктілердің де көмегі қажет

Атыраудағы жауын суынан келген залалға байланысты қосымша көмек керек. Ол үшін «Азаматтық орталық» КММ-сі облыс тұрғындарын ерікті түрде көмек көрсетуге шақырады.

–Нақтырақ айтқанда өңірде демалыссыз жұмыс істеп жатқан ассенизатор жүргізушілеріне, төтенше жағдай қызметкерлеріне кез келген көмек түрі қажет болуы мүмкін, — дейді «Азаматтық орталық» КММ ұйымдастыру бөлімінің маманы Ақбөбек Тәттібекқызы.

Айта кету керек, республика бойынша басталған «Күшіміз бірлікте» акциясы негізінде Атырау облысындағы волонтерлік пункт мына нөмірде: 8 778 777 89 94.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button