Азғырдағы мәселелер шешімін табады

img 20201002 wa0045 Жаңалықтар

Облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Құрманғазы ауданындағы сапары – «Азғыр» өңіріндегі «Қоянды» топтық су құбырының жұмысымен танысудан басталды.

Желі 1995 жылы пайдалануға берілген. Мұндағы 6 ұңғыма 7 ауылды таза сумен қамтамасыз етіп отыр. Алайда, құбыр деген аты болмаса, 25 жылдан бері қызмет етіп келетін су жүйесінің əбден тозығы жеткен. Жергілікті жұрт облыс əкімімен кездесуде ауыз суды автокөлікпен алдырып, ішіп отырғанын жеткізді.

Осыған орай облыс əкімі құбырларды тұрғын үйлерге тартудың жаңа жобасы жасалуы қажеттігін нақтылады. Шалғайдағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету мəселесі назардан тыс қалмайтындығын айтып, бақылауда ұстауды тапсырды.

Деннің саулығы – бастың байлығы Аймақ басшысы бұдан кейін Сүйіндік ауылындағы дəрігерлік амбулаторияға барды. 1977 жылы пайдалануға берілген ескі ғимаратқа 2012 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нысан жөндеуден өтіп, қызметкерлері күнделікті жұмысын жасап жүргенімен, аурухананың өзіндік қордаланған мəселелері де аз емес екен.

Дəрігерлік  амбулатория басшылығының айтуынша, ауыр жағдайдағы науқастарды аудан орталығына жіберуде қиындықтар көп. Бастысы, жолдың қолайсыздығы.

– Бірінші кезекте адамның саулығына мəн берілуі керек. Сондықтан, денсаулық саласына қатысты мəселе уақытылы шешілгені дұрыс. Науқас түгілі, сау адамның ауылдан аудан орталығына жетуі қиындау. Ауырған адамды ең жақын аурухана орталығына жедел жеткізу мəселесін ойластыру керек. Күн тəртібінен түсірмей Денсаулық сақтау министрлігіне де ұсыныс ретінде көтеру керек, – деді осы тұста облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетов. Шекарадан өткен малға кім жауапты? Əлеуметтік нысандарды аралаған облыс басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Жұртшылық көтерген түйткіл – төрт түліктің шекарадан өтіп кетуі.

«Қой, ешкі, сиырды бағып ұстауға болар, ал жылқы малы шекара сызығына бағынбайды» дейді тұрғындар. Қалай болғанда да, Ресей бетіне қарай өтіп кеткен малды кері қайтаруға үлкен күш керек. Жергілікті əкімдік өкілі бұл мəселені алдағы уақытта да заң шеңберінде назарда ұстайтынын айтты.

Өңір басшысы аялдаған келесі нысан – Сүйіндік жалпы орта мектебі жанындағы интернаттың құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде жүргізілуде.

5 0 орындық жатақханаға «Игілік» мекемесі жауапты. Осы жылдың мамыр айында бастау алған ғимараттың құрылысы белгіленген уақытта бітіп, қазан айында пайдалануға берілмек.

Мұнда 25 адам қызмет етеді. Айтылған мерзімде берілген уəденің орындалуын аймақ басшысы жауапты тұлғаларға тапсырды. Перзентханаға жету мұң Азғыр ауылдық округінің орталығы Балқұдық ауылында 1697 адам тұрады. Аудан орталығынан – 300, Атыраудан қаласынан – 600 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенде медициналық қызмет көрсету мəселесі мəз емес. 1963 жылы салынған ауруханада 1 дəрігер, 7 орта буын қызметкері бар. Алайда, ауруханада болашақ аналар үшін босану орны талапқа сай келмейді.

Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы жүкті əйелдер айы-күні жетпей-ақ аудан орталығына алдын ала барып күтуі керек немесе қолхат беріп, Қарабайлыдағы перзентханада босанады. Ондағы талап бойынша Ресейдің туу туралы куəлігін алып шығады. Облыс əкімі тұрғындардың сөзіне құлақ аса отырып, бұл мəселені жан-жақты қарап, тез арада шешу керектігін қадап айтты.

«Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» демекші, Балқұдық ауылының, жалпы Азғыр аумағының жұрты ежелден Ресейдің Қарабайлыдағы қандастармен аралас-құралас. Төрт түлігінің өрісі де ортақ. Оның үстіне, азғырлықтарға күнделікті керегін 300 шақырымдағы аудан орталығынан тасығанша, 60 шақырым жердегі Қарабайлыдан əкелген əлдеқайда тиімді. Əйткенмен, ортақ одақ тарап, əр ел өз алдына шаңырақ көтергенде таяқ тастам жердегі шекарадан өту мұңға айналды. Иə, мұндағы күрмеуі күрделі мəселелердің шешімі шекарамен шеттесіп жатыр.

Соған байланысты Махамбет Жолдасқалиұлы Балқұдық жеңілдетілген шекарадан өткізу бекеті мен шекара заставасындағы жауынгерлердің хал-жағдайымен танысты. Содан соң облыс басшысы «Азғыр» ғылымиөндірістік радиоэкологиялық экспедициясының жұмыстары жүргізілген орынға барды. Айта кетейік, бұл орталық Энергетика министрлігінің ядролық физика институтының тапсырмасымен жұмыс істейді. Дәрігерлердің ұсынысы

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов  іс сапар барысында 700-ден астам тұрғыны  бар  Үштаған  ауылындағы  дəрігерлік амбулаторияның жұмысымен де танысты. Мұндағы мəселелерді жауапты  мамандармен бірге талқыға салды. Тиісті органдарға ақ халаттылардың барлық ұсынысын қарауды жəне оларды шешу жолдарын баяндауды тапсырды. Үштағандық дəрігерлер өз кезегінде 1988 жылы бой көтерген мекеменің əбден тозығы жеткенін айтты. Ғимараттың қабырғасы қақырап, іргесі сөгілген. Шатыры опырылып, төбесі ортасына түскелі тұрған нысанның орнына жаңа ғимарат қажеттігі сезіліп тұр. Мұнда медицинадан бөлек, ауыл тұрғындарын алаңдатқан өзге де мəселелер бар.

Соның б і р і – Үштаған ауылдық мəдениет ошағының жай-күйі. Аядай ғана бұл ғимараттың іргесі 1968 жылы қаланыпты. Қабырғасы қақыраған нысанды қызметкерлер жыл сайын өздері жөндеп отырады. Бірақ, мəдениет үйінің жөнделгенін емес, жаңадан салынғанын қалайды. Бұл елді мекенде газ, су, жарық жайы біртіндеп шешіліп келеді. Алайда, мұнда интернет желісі жүргізілмеген. Тұрғындар облыс əкімімен кездесу барысында осы мəселені айтып, оның оңынан шешілуін сұрады. Құм көшкіні құрсаған…

img 20201002 wa0044

 Ауыл жұртын толғандырған өзекті мəселенің бірі – құм көшкінін тоқтату. Бүгінде жергілікті халық «бұйрат құмның астында қаламыз ба?» деп алаңдайды. Олар қыстыгүні қар күресе, жаздыгүні құмды тоқтату шараларымен күні өтеді. Сондықтан, ауыл тұрғындары елдің үдере көшпеуінің амалын жасап-ақ жатыр. Бірақ, табиғат құбылысына қарсы келу оңай болмай тұр. Ауылдағы шеткі үйлерді құм басу қаупі бар. Осы орайда, құм шатқалдарына арнайы ат басын бұрған аймақ басшысы Махамбет Жолдасқалиұлы проблеманы шешу жолдарын қарастыратынын айтып, тиісті шараларды қолдану керектігін жеткізді. Сапар аясындағы қызықты оқиғаны да айтпай кету мүмкін еме с.

Атырау облысының əкімінен қалмаған кішкентай баланың қылығы елді сүйсінтті. Күтпеген жерден өңір басшысына жақын келген ойын баласы еш қысылмай, ауылдағы мəселені боямасыз айтты. Жас өскіннің батылдығына риза болған облыс басшысы оның басынан сипап, батасын берді. Махамбет Жолдасқалиұлының Құрманғазы ауданына сапары аясында соңғы аялдағаны – Қиғаш өзенінің түбін тереңдету жұмыстары.

Бұл жерде облыс əкімі балықшылармен кездесіп, базыналарын тыңдады. Сонымен қатар, жұрт көп шағым айтатын проблемасы көп жолмен аймақ басшысының да жүріп, сезініп көруі жөн болды. Сондай-ақ, ол мəселесі көп əлеуметтік нысандарды өз көзімен көріп, біраз жағдайға қанықты. Осылайша, ауылдарды  аралаған  Махамбет  Досмұхамбетов əлеуметтік ныс андардың белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң қадағалап, жұмыстардың сапасы мен орындалуына аса мəн беру керектігіне тоқталды.

Қалай болғанда да, қазіргі пандемия жағдайындағы қиындықтарға қарамастан барлық саладағы жұмыстар тоқтамауы керек.  сіресе, елдің талап-тілегіне қатысты мәселе аяқсыз қалмағаны абзал. ­йткені, елдің мұқтажы айналып келгенде мұңға айналады. Халықтың к‚ңіл-күйі жақсы болса ауыл көбейеді, қоғам дамиды, ел гүлденеді…

Аудандағы аймақ басшысының екі күндік іссапары осы мағынадағы оймен түйінделгендей…

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

img 20201002 wa0043

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз