Жаңалықтар
Ерікті болу — ерлік
Бүгін Атырау қаласы Береке ауылындағы «Атамекен» демалыс орнында «Біз таңдаған жол» тренингі өтуде.
Тимбилдинг форматындағы іс-шараға 35 жастан жоғары және 50 жастан асқан күміс волонтерлер қатысуға ниет еткен.
Тренингті кіріспен сөзбен ашқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова еріктілердің игі істеріне тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Астана қаласынан арнайы келген спикер — Александра Крашинина волонтерлік негіздері туралы қазақ тілінде дәріс оқып, топтық жұмыс жүргізетін болады.
Майра ЕРҒАЛИ