201204133242840e

Коронавирус ошағы туралы ескертетін «Saqbol» қосымшасын қанша адам жүктеді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар
8 / 100

Коронавирус инфекциясының таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында әзірленген «Saqbol» мобильді қосымшасы 100 мың рет жүктеп алынды.

«100 мың жүктеу – бұл өте жақсы көрсеткіш. Өйткені қосымша тек қазан айында іске қосылды. Бірақ, бұл да жеткіліксіз. Ол тиімді болуы үшін ел тұрғындарының кем дегенде 60 пайызы қосымшаны смартфондарына орнатуы керек. Сондықтан мен қазақстандықтарды өзі мен жақындарының қауіпсіздігі үшін «Saqbol» қосымшасын жүктеуге және ПТР-тест оң болған жағдайда хабарлама жіберуден қорықпауға шақырамын. Хабарламалар анонимді, ауырғандардың аты-жөнін, мекен жайын, байланыстарын, орналасқан жерін көрсетудің қажеті жоқ», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Айта кетейік, Saqbol пайдаланушылардың телефондары арасында Bluetooth арқылы шифрланған деректерді беру арқылы жұмыс істейді. Егер адам коронавирусқа ПТР тестін тапсырса және оның нәтижесі оң шықса, ол соңғы 14 күн ішінде 2 метр қашықтықта 5 минуттан артық байланыста болған адамдарға жасырын түрде ескерту жасай алады. Қосымша қазан айының соңында іске қосылды.

«coronavirus2020.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған