
ЖаңалықтарҚұқық
Елімізде жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдеді
Atr.kz/22 тамыз, 2019 жыл. Жүргізуші куәлігін алу кезінде талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгізілген.
Енді қазақстандық жүргізушілер бұрынғыдай жеті дәрігерге емес, 4 дәрігерге қаралады. Яғни, жүргізуші куәлігін алу үшін терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-наркологтың тексерісінен өту жеткілікті.
«Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек психиатриялық-наркологиялық диспансерден анықтама алу тәртібі де жеңілдеді.
Енді терапевт барлық мәліметті «Диспансерлік науқастардың электронды тізімі» ақпарат жүйесінен қарап, тиісті анықтаманы береді.
Медициналық анықтама қай кезде талап етіледі
- Жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдегенде;
- Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
- Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.