Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталады

Қазақстанда 15 қыркүйек күні тұмауға қарсы вакцинация басталады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

«Жақындап қалған ЖРВИ, яғни тұмау маусымына айрықша тоқталып өткім келеді. Биыл бюджет қаражаты есебінен Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 2,5 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымға қарсы штамм бар. Бұл республиканың жалпы тұрғындарының 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы – 10 пайыз. ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталады», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, осыған орай еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы қабылданған. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың ең әлсіз тобы вакцинацияланатындығын атап өткім келеді. Олар: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және басқалары. Бұған қоса, жұмыс берушілердің және халықтың жеке қаражаты есебінен де вакцинация жүргізіледі», — деді Марат Шоранов.

Оның айтуынша, ресейлік вакцинадан бөлек Қазақстан аумағында тағы 3 өндірушінің 4 вакцинасы тіркелген. Атап айтқанда, Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланды) мен Синовак Биотек (Китай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.

ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button