Жайық өзенінен ұзындығы 2 метрден асатын бекіре ауланды

200302090132253a3620401i Жаңалықтар

Atr.kz/2 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысында​ балықшылар Жайық өзенінен ұзындығы 2 метрден асатын бекіре тұқымдас балықтарды аулады.

«Жексенбіде Төменгі Пешной балық аулау​ учаскесінде бекіре тұқымдас бағалы​ балықтың 4 данасы ауланды. Оның үшеуі орыс бекіресі түріне жатады. Бір бекіренің ұзындығы –2 метр 20 см. Салмағы –148 кг. Ал, өзге үшеуінің ұзындығы 80 см мен 1 метр аралығында», – деп хабарлады Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының табиғи ресурстарды қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарушы атқарушы Олег Тушканов.

Оның мәлім етуінше, бағалы балықтар бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/bas-prokuratura-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar%d2%93a-%d2%afndeu-zhariyalady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз