Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде пәктігін сақтап қалған бойжеткендер жеңіл жүрісті қыздармен күресуді бастады

Еліміздегі абыройына дақ түспеген ибалы қыздар жеңіл жүрісті қыздармен ашық күрес жүргізетінін мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

pogudx1g5fi0paglg.7ef943c3

Еліміздегі «етегін жел көтермеген» қыздарға сұраныс көбейіп тұр.  Пәк қызбен бір түнін өткізгісі келетіндер қомақты төлем жасайтындарын айтып, тәрбиелі қыздарды азғыруда. Дегенмен, өз пәктігін көзінің қарашығындай сақтап отырған арулар мұндайларға ермейтінін алға тартып, жақын арада жеңіл жүрісті қыздарға қарсы ашық күрес жүргізетінін мәлімдеді.

 23 жастағы Атырау тұрғыны Динара М. нәзік жандылар пәк күйінде тұрмысқа шығуы керек деп есептейді. Өзі секілді ойлайтын және ер атаулыны өзіне жақындатып көрмеген бойжеткендермен бірігу үшін интернетте топ ашқан ару көптеген қиындықтарға тап болғанын жасырмайды.

Тобымыз жабық болса да, оны бұзып кіретіндер табылды

«Бастапқыда «Алматының пәк қыздары» деген топ аштық. Өкінішке қарай бұл жақсы нәтиже бермеді. Бізге түрлі жаман ниетті адамдар балағат сөздер жаудырып, тіпті ұятсыз ұсыныстар жасайтын болды. Тобымыз жабық болса да, оны бұзып кіретіндер табылды. Сол себепті, біз қулыққа көштік. Тобымыздың атауын ешкім ұқпайтындай етіп өзгертіп тастадық. Оған сәйкес, біз тек ас мәзірін үйренуге жиналған қыздармыз», — дейді Динара.

Біздің де айымыз оңынан туатын күн алыс емес

Бойжеткендер өзінің пәктігін қоғамнан жасыруға мәжбүр болатындай күйге түскеніне налиды. Ол оқушыларға тойға дейін пәктікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіретін дәрістер өткізгісі келеді. Алайда ешбір мектеп әзірге бұл бастаманы қолдай қойған жоқ.

«Біздің де айымыз оңынан туатын күн алыс емес. Тобымызда «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі бар. Біз олардың тым құрымағанда біреуі депутат болуы үшін барымызды саламыз. Сол кезде жеңіл жүрісті қыздарға ашық күрес жариялайтын боламыз», — дейді Динара.

Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button