Бірлік пен Сафон тұрғындарын не мазалайды?

safon 2 Жаңалықтар

Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі мен ауыл әкімдерінің есеп беру жиналысы Бірлік , Сафон ауылдарында өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жиналыста аудан әкімі Абат Жанғалиев халық алдында ауылдың тыныс-тіршілігі, әлеуметтік- экономикалық даму ахуалына қатысты жоспарлы жұмыстарға тоқталып өтті.

Аудан басшысы аудандық маңызы бар Бірлік-Бөкейхан ауылішілік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары бойынша 2023 жылы «Аслим 2008» ЖШС-мен келісімшарт жасақталып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

safon 3

Сонымен қатар, ауылда мәдениет, бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Атап айтқанда, Бірлік ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы мен ойын алаңының құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, екі ауылдық округ бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірлерді дамыту бағытында атқарылған жоспарлы жұмыстар да айтылды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауданда басталған каналдарды түп тереңдету жұмыстарына қатысты бірнеше сауалдар жолдады.

saf 4

Бұл бағыттағы ұсыныстарға жауапты мердігер мекеме «Павлодар өзен порты» АҚ аудандағы өкілі Бауыржан Нұрғалиев жауап берді.

Осы ретте аудан басшысы Абат Сайфоллаұлы арналарды түп тереңдету жұмыстары бойынша туындаған сұрақтарға қатысты мердігер мекеме ауыл тұрғындарымен қоғамдық тыңдау ұйымдастыруын қамтамасыз етуді ауыл әкімдеріне тапсырды.

Есептік кездесу соңында аудан әкімі әрбір тұрғынның талап-тілектері ескерілетінін, шешімін таппаған мәселелер бюджетке байланысты кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз