Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде әскери ұшқыштардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов сенат отырысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары, әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы 30%-дан астамға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, бүгінде кейбір әскерилердің жалақысын көтеру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

«Үкімет мынадай бастамаларды қолдады: Әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі шешіліп жатыр. Әскери қызметкерлердің келесі санаты – әскери дәрігерлер. Жалақыны азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру де үкімет тарапынан қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр. Жалақы 30%-дан аса көтеріледі», — деді Сұлтан Камалетдинов.

Ол кейінгі жалақы әртүрлі көрсеткіштерге, соның ішінде әскери атаққа, лауазымға, ұшу уақыты мен класына байланысты екенін атап өтті.

сурет ашық дереккөзден алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button