«Крещение Господне» діни мейрамы Атырау облысы бойынша 7 жерде өткізіледі

img 20210119 wa0043 scaled 1 Жаңалықтар

Жыл сайын 19 қаңтарда Христиан православтарының «Крещение Господне» діни мейрамы атап өтіледі.

Осыған орай, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Атырау облысы бойынша 7 орын белгіленді:

  1. Айтеке би көшесінде орналасқан «Орал» ресторанының тұсында
  2. Тұрғындар қалашығы маңында
  3. Мечников-Баймуханов көпірінің тұсында
  4. Құрманғазы ауданында
  5. Жылыой ауданында
  6. Махамбет ауданында
  7. Индер ауданында

18-19 қаңтар аралығында діни мейрам кезінде облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен жеке құрамы күшейтілген режимде кезекшілікте тұрады. Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін 10 сүңгуірлік жинақ, 42 құтқару жилеттері, 8 құтқару шеңберлері, 8 бірлік автокөлігі, 3 бірлік құтқару тақтайшасы дайындалды.

Сондай-ақ, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін, мұз ойықтары тұсында облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің, Ішкі істер Департаменті, Апаттар медициналық орталығының, Жедел жәрдем қызметкерлері де жұмылдырылады.

Крещения Господне діни мерекесінде МҰЗ ОЙЫҒЫНДА ШОМЫЛУ ЕРЕЖЕСІ:

  • Жағадағы арнайы жабдықталған мұз ойықтарында суға түсу (шомылу) керек.
  • Мұз ойығында шомылар алдында дене қимылдарын жасап, жүгіріп, денені жылыту керек.
  • Аяқтың сезімталдығын жоғалтуға жол бермеу үшін мұз ойығына ыңғайлы, тайғанамайтын және жеңіл шешілетін аяқкиіммен келу керек.
    Мұз ойығына жету үшін бәтіңке немесе жүн шұлықтарды пайдаланған дұрыс. Мұзда сырғымайтын, аяқты өткір тастардан және тұздан қорғайтын арнайы резеңке тәпішкелерді де пайдалануға болады. Мұз ойығына бара жатып, жолдың тайғақ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Ақырын және абайлап жүріңіз.
  • Мидың қан тамырларының рефлекторлық тарылуына жол бермеу үшін суға басыңызды суламай, мойыныңызға дейін түскен дұрыс. Мұз ойығына ешқашанда басыңызбен төмен түспеңіз. Суға секіру және суға басыңызбен толық түсу кеңесі берілмейді, себебі бұл жылу температурасының жоғалуын арттырады және суықтан соққы алуға мүмкіндік береді.
  • Суды алғаш рет түскенде, қажетті тереңдікке жылдам жетуге тырысыңыз, бірақ жүзбеңіз. Сіздің денеңіз суыққа бейімделісімен, суық судың мінсіз қалыпты, қауіпсіз, жиіленген тыныс алуға себеп болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
  • Жалпы дененің қатты суып кетуін болдырмау үшін мұз ойығында 1 минуттан артық уақыт қалмаңыз.
  • Шомылудан (дәрет алу) кейін өзіңізді жұмсақ орамалмен ысқылап сүртіп, құрғақ киім киіңіз.
  • Суға ІШІМДІК ІШІП ТҮСУГЕ БОЛМАЙДЫ, өйткені ішімдік жүрек жұмысына күш түсіріп, дененің суынуына алып келеді. Сондай-ақ, грипппен ауырған кезде, немесе тұмау болсаңыз түспеңіз. Жүрегіңіз немесе қан тамырлары жүйесін ауыратын болса, әуелі дәрігерден кеңес алу қажет.
  • Қасыңызда КІШКЕНТАЙ БАЛА болса, оның суға түсуін қатаң қадағалаңыз! Бала қорқып қалса, суға жүзіп білетінін ұмытып қалуы да мүмкін.
  • Иммунитетті нығайту үшін және қатты суып кетуді болдырмау үшін ыстық шай ішу қажет, алдын ала жеміс-жидектен, көкөністен термоста дайындалған жақсы болады.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

– дайындалмаған орындарда суға шомылуға;

-БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРУҒА;

– ішімдік ішуге;

– мұз айдынына автокөлікпен шығуға;

– құтқару және медициналық қызметінің өкілдері болмаса суға түсуге!

Шоқыну рәсіміне аязды күні суға шомылу арнайы денсаулығы қайратты адамдарға ғана пайдалы. Ал өкпе ауруларымен, жүрек ауруларымен ауыратын адамдардың аязда суық суға түсуіне өте қауіп туғызуы мүмкін, қан қысымы жоғары адамдар (егер қан қысымы жоғары болса, суық суға түсу кезінде қан тамырлары қысылуы немесе микроинсультке әкелпі соқса, егер қан қысымы төмен болған жағдайда адам есінен танып құлауы және діріл пайда болады), сондықтан суға түсер алдында қаң қысымын өлшеу қажет.

МҰЗ ОЙЫҚТАРЫНДА СУҒА ТҮСУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:

  • Мұрын қуысының қабынуы, отитпен ауыратын адамдарға;
  • Жүрек-тамыр жүйесі ауырса (туа біткен және жүре пайда болған жүрек клапанадарыынң ақаулары, коронаро-кардиосклероз, ІІ және ІІІ стадиядағы гипертониялық ауру);
  • Орталық нерв жүйесі (эпилепсия, бассүйегінің зақымдануынан пайда болған ақаулар; ұмыстшақтық, сирингомиелия; энцефалит, арахноидит); 
  • периферикалық нерв жүйесі (неврит, полиневрит); 
  • эндокриндік жүйе (сахарный диабет, тиреотоксикоз); 
  • көру органдарының (глаукома, конъюнктивит); 
  • тыныс алу органдарының (туберкулез, өкпе қабынуы,  бронхиалдық астма, эмфизема); 
  • несеп-жыныс жүйесі (нефрит, цистит, қосалқандардың қабынуы, қуық асты безінің қабынуы); 
  • асқазан-ішек жолдары (асқазан жарасы, энтероколит, холецистит, гепатит);
  • тері-венерологиялық ауруларымен ауырсаңыз, суға түсуге болмайды!

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары, КРЕЩЕНИЕ МЕРЕКЕСІ КЕЗІНДЕ МҰЗ ОЙЫҒЫНДА СУҒА ШОМЫЛУ ЕРЕЖЕСІН ҚАТАҢ САҚТАУЛАРЫҢЫЗДЫ, арнайы жабдықталған мұз ойықтарында, құтқарушылардың бақылауымен ғана суға түсулеріңізді сұраймыз!

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз