Елім деп соққан ЖҮРЕГІ
Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл. Алғыс арқалағандар. Біздің кейіпкеріміз және ол секілді елдік миссияға жұмылдырылған жандар туралы бір ауыз сөзбен осылай деуге болады. Өйткені, қай кезде де олар атқарып жүрген жұмыстар үлкен жүректі қажет етеді.
«Өзгеге қолұшын созу, қиындыққа тап болғандардың қасынан табылу – азаматтық парызым» деп білетін осынау мейірімді жанды жарнамалап, таныстырудың да қажеті жоқ. Әмина Жәрдемқызы жасап жүрген игілікті істер көпке таныс.
Игілікті істің жолында
Осыдан 8 жыл бұрын дос- тарымен жиналған басқосудың бірінде интернаттағы жетім балалар туралы сөз болып, соңында «соларға көмектессек» деген ізгі ниет оның бірнеше жылдар бойы жасап жүрген игі істерінің бастауы болатын. Сол уақыттан бері ол аталған бағытта аянбай еңбек етіп келеді. «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының тізгінін ұстап тұрған тұста да талай қайырымдылықтан қалыс қалмай алғыс арқалаған-ды. Қазір де ел қиын кезеңдерді кешіп жүрген шақта Әмина жүзеге асырып жүрген ізгі істер жалғасуда.
Күні кешеге дейін ол түннің бір уағына дейін телефонда «онлайн» отырды. Әлеуметтік желіге жариялаған нөміріне үздіксіз хабарласқандармен сөйлесіп, жұмысты жүйеледі. Өйткені, ол еріктілер тобы мен көмек беремін деушілерді байланыс- тырушы алтын көпірге айналды. Бұрын Азаматтық орталық жанынан жұмыс жасап келген волонтерлар штабы кейінгі уақытта облыс әкімдігі жанынан жұмыстарын жалғастыруда. Әмина Жәрдемқызы – сол штабтың жетекшісі.
- – Біздің волонтерлар штабында 100-ге жуық адам бар. Олардың басым бөлігі автоволонтерлар. Жас мөлшеріне байланысты еш шектеу жоқ. «Көмек қолын созамын, жәрдемдескім ке л ед і » д е ге н ж а н д а рд ы ң қатарында 18-ге енді толған жалынды жастар да, 60-тан асқан ағаларымыз да бар. Олар мүлдем жұмыс таңдаған емес. Әр минутты тиімді пайдалану мақсатында топтың мүшелері кез келген жұмысқа кірісе кетеді, — деді ол бізбен әңгімесінде.
Бүгінгі күні провизорлық орталықта жүрген, науқастармен етене араласып, дәрігерлерге көмек қолын созып жүрген еріктілер үйлеріне оралуда. Қызыл жолақтың ар жағында ақ халаттылармен бірге еңбек еткен еріктілер туралы сұрақтарды жаудырта бастадық. «Ол жерде жүргендердің ешқайсысы да «атағымды шығарып, танымал болайын немесе менің жасап жатқанымды ел көрсін» деген мақсатта жүрген жандар емес. Шыны керек, көбісі әлеуметтік желіге тіркелмеген де.
Мәселен, бізбен бірге наурыз айынан бері қоян-қолтық жұмыс жасап, кез келген көмек түрін ұсынуға даяр тұратын еріктінің бірі, бүгінгінің батыры – Талғат Тұрғанбаев. Бес баланың әкесі. «Су арнасы» мекемесінің қызметкері. Алғашқы кездері жұмысынан қол үзбей, мүмкіндігіне қарай, қалай да уақыт тауып, бізге көмектесіп жүрді. Кейін облыстық әкімдіктің араласуымен жұмысынан толық босатылып, ауруханада жүрді. Талғат – нағыз істің адамы. Сөзге мүлдем жоқ. «Әлеуметтік желіге тіркелсеңші» деген біздің өтінішімізге орай, бетше ашқанымен, ол жерде отырмайды да. Тапсырылған жұмысты тиянақты етіп орындауды ғана біледі» деген штаб жетекшісі келесі кезекте «Талғат туралы жазыңызшы» деген өтінішін жеткізді. Біз құп алдық.
Жығылғанға – демеу, қиналғанға – қолдау
Жалпы, Атырау волонтерлар штабы осы жылдың нау- р ы з а й ы н д а А з а м а т т ы қ орталықтың жанынан құрылған. Құрамында «Қызыл ай», «Самға жүрегім», «Жүректен жүрекке», «Ынтымақ», «Иман жастары», «Біз де адамбыз» сынды тағы да бірнеше қоғамдық бірлестік мүшелері бар штаб карантиндік шектеулердің алғашқы легі енгізілген кезде, яғни, наурыз, сәуір, мамыр айларында еріктілердің күшімен 2005 отбасыға азық-түлік, қорғаныш құралдары сынды қажетті заттарды жеткізді. Айтуға оңай болғанымен, бұл істің ауқымды, жауапты екені сөзсіз. Өйткені, тиісті құрылымдар жасақтаған тізімдегі әр адамға 12-15 мың теңге көлеміндегі қаражатқа жинақталған қажеттіліктер себетін уақытылы жеткізіп, мұқтаж жандарға қолғабыс ету көзделген меже еді. Әмина Жәрдемқызы жетекшілік ететін аталған штабтың құрамындағы әр адам осынау сын сағатта жауапты жұмысқа жұмылып, жемісті еңбек етіп келеді.
Бұдан кейінгі шт абтың қолға алған тағы бір игі ісі – облыстық әкімдіктің қолдауымен жасақталған дәрі-дәрмектер жиынтығының 3 мың отбасыға жеткізілуі. Арнайы тізімдегі әр адаммен жеке-жеке жұмыс жасау, сөмкенің адресатқа нақты жеткізілуі секілді түпкі нәтижеге жету үшін еріктілер тобына уақытпен санаспай қызмет етуге тура келді. Бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жүргізілген жұмыс та өз нәтижесін берді. Т ү н н і ң б і р уа ғ ы н а д е й і н сөмкелерді жинақтау, тізімдегі адамдармен жеке-жеке сөйлесіп, мекен-жайын нақтылау, үйіне дейін жеткізіп, қолдарына табыстау. Бұлардың қай-қайсысы да уақытты, жауапкершілік пен төзімділікті қажет ететін жұмыстар. Еріктілер штабы сол мақсат үдесінен шыға білді.
- – Бұл жұмыстар біз үшін үлкен тәжірибе, өмірлік сабақ болды. Күніне 20-30 машина түрлі мекен-жай бойынша қаланың әр бағытына аттанады. Кейбір көрсетілген мекен-жайлар қате болатын немесе іздеген адамымызды мүлдем таба алмаған кездер болды. Қайтадан штабпен байланысып, олқылықтар үйлестірілді. Түнгі 2-3-ке дейін жұмыс жасап жүрдік. Тізімдегі әр адамды тексереміз, тіркейміз. Оған қоса, колл орталыққа телефон шалушылардың өтінішін қарастырамыз. Жеке телефоныма да хабарласқан жандардың әрқайсысына нақты жауап беріп, қолымыздан келгенше қолдау білдірдік. Қазір солардың бәрі артта қалды. Көзделген межеге қол жеткізіп, елдің алғысын арқаладық. Дертпен күресуге, адамдардың ауырмауына титтей де болса жәрдемдесе алғанымызға қуанамыз. Айта кетейін, бұл сөмкелердің ішінде 30 түрлі дәрі болды. Және маңыздысы, еліміздің басқа қалаларында бұндай бастама болған емес. Осынау ауқымды жобаны қолға алып, сәтті жүзеге асырған біздің өңір ғана, — деді сұхбаттасушымыз.
«Ауырып тұрдым, аунап тұрдым»
Өз кезегінде облыстық әкімдік тарапынан зор қолдау болғанын атап өткен Әмина Жәрдемқызы «Біз аймақ басшылығымен байланыстамыз. Облыс басшысы Махамбет Жолдасқалиұлының өзі осыдан біраз уақыт бұрын бізбен кездесіп, айтарымызға құлақ асты, ұсыныс-пікірлерімізді тыңдады. Ал, қазіргі таңда обл ы с ә к і м і н і ң о р ы н б а с а р ы Бақытгүл Хаменовамен тікелей байланысу арқылы кез келген мәселені оңтайлы шешіп отырмыз. Біздің барлық бастама- ұсыныст арымызды қолдап келеді» дейді.
Осынау кеселмен өзі де бетпе- бет келіп, он үшінші күн дегенде аяққа тұрып, қатарға қосылған қайсар қыз қиындықтарды бірге жеңетінімізге сенімді. «Ел ішінде екінің бірі дертке шалдығып, аурудың нағыз қызып тұрған шағында мен де сырқаттанып қалдым. Жедел жәрдем шақырып, алғашқы н ұ с қ аул ы қ т а р а л ғ а н с о ң , учаскелік дәрігердің көмегі а р қ ы л ы ү й д е н д ә р і л е р д і қ а б ы л д а д ы м . С а т у р а ц и я қ а л ы п т ы д е г е н і м е н , қ а н қысымының жоғарылығы, қант диабеті сынды қосымша созылмалы сырқаттарым болуы себепті, әрі демалысым ауырлай түскен соң, ауруханаға жатқызылатын болдым. Алайда, менен де қатты ауырып жатқан жандарға дәрігерлік көмек көрсетіліп, ауруханадағы бір орынға сол жандар жатқызылса екен» деген тілекпен үйде қалу туралы шешім қабылдадым.
Жалпы, бұл дерт адам психологиясына қатты ықпал етеді. Өкпе қабынуы анықталған кезде, мені де «Бұл ауруды жеңіп шығатын жол бар ма екен? Енді қалай болмақ?» деген сауалдар мазалады. Дос-туыстарымның қолдауымен тиісті дәрі-дәрмекті тауып, бетім бері қарай бастады. Ең алдымен, мені аман алып қалған – елдің алғысы» деген кейіпкеріміз бұл сынақтың да кейінгі күннің еншісінде қаларына кәміл сенеді.
Жұмысты жүйелеп, күшті біріктіру, көмекті көбейту. Мақсат – осы. «Жаппай жәрдемдесуге а с ы қ қ а н а д а м д а р д ы ң қ а р а с ы к ө п . С о н д ы қ т а н , орталықтандырылған жүйе а р қ ы л ы ж ұ м ы с ж а с а д ы қ . Облыстық ауруханадан бөлек науқастар тағы да бірнеше ауруханада қабылданды. Одан бөлек аудандарда емдеу орындары бар. Яғни, біздер, көмек көрсеткісі келетін жандарды біріктіру арқылы қай жерге қандай көмек керек екенін айтып, келген көмек түрлерін тең бөлуге септестік» дейді Әмина Жәрдемқызы қиын шақта атқарған жалпы жұмыстары жайлы сұрағанымызда. Жеткізілген көмектерді жүйелеу арқылы, өздері жауапты аймаққа не қажеттігін қадағалайтын әр орталықтардағы арнайы координаторлар да алғыс арқалағандар қатарында. Әркез көмек қолын созуға дайын тұратын Әминаның бастамашы болуымен жүзеге асырған жақсы істердің бір легі осы.
Қасиетті Құрбан айт кезінде мұқтаж жандарға етті үлестіруге де жұмылған еріктілердің еңбегі өлшеусіз. «Жалпы, адамзат өмірге келген сәтте белгілі бір миссиямен жаратылады. Бәлкім, менің миссиям осы шығар. Адамдарға жәрдемдесуді жаным сүйеді. Тіпті, ата-анам да мені үнемі «Ол біздің үйдің адамы емес, ол – елдің адамы» деп отырады. Менің арманым – волонтер болу сәнге айналса екен» деді ол сөз соңында. Расында да жан-жағына жылулық шашып, жәрдемдесуді ғана ойлап тұратын Жәрдемқызының өмірлік миссиясы ғұмырлы болғай!
Бұл мақаламыз дайындалып жатқан тұста кейіпкеріміз туралы жаңа жазба жарқ ете қалды. Әлемдік масштабта. Дүниежүзінің өзге бөлігінде жүрсе де өз ісі арқылы өзін мойындатып, әлемге танылды. Атыраулық волонтерлар штабының жұмысын жаһанға жария қылды. Қайырымдылық керуенінің эталонына айналған атыраулық ерікті қыздың ісі мақтанарлық! Сәттілік саған, үлкен жүрек иесі!
Гүлжан ӘМІРОВА