
ЖаңалықтарҚоғам
Еламан Саясатов – спартакиада чемпионы (+ФОТО)
Atr.kz/26-ақпан, 2019 жыл. 21-24 ақпан күндері Алматы қаласында V жазғы спартакиада ойындары аясында муай-тайдан кіл мықтылар өзара күштіні анықтады.
Нұрберен Әміржанов бастаған Атырау облысы құрама командасы осы бәсекелерде 1 алтын және 4 қола медальға ие болды.

54 келі салмақта өнер көрсеткен бүкіләлемдік ойындардың жеңімпазы Еламан Саясатов барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, спартакиада чемпионы атанды. Ал, Элдар Марат (48 келі), Жұмабек Мыңбай (75 келі), Азатжан Ғаббасов (81 келі) және Нұрсұлтан Самиғазиевтер (91 келі) қола медальға ие болды.









Мұратбек ЖАҢАБАЙ