Ақсай және Қайыршақты тұрғындары маңызды мәселе көтерді

490159a4fe94458d5 Жаңалықтар

Ақсай ауылдық округі әкімі Борнабай Тұрмұхан және Қайыршақты ауылдық округі әкімі Шапхат Қалиев тұрғындар алдында есеп берді.

Жиынға Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жұмабек Қаражанов қатысты.

Әкімдер өз есебінде ауыл жағдайының жақсаруы үшін барлық тиісті жұмыстардың да атқарылып жатқанын жеткізді. Жиын барысында тұрғындар тарапынан көптеген сұрақтар қамтылып, маңызды мәселелердің мән-жайы талқыланды.

Тұрғындардың бірқатары кейбір көшелерде жарықтың жиі сөнетіндігін, ауылда бұралқы иттердің көптігін айтып шағымданса, кейбірі мектеп, балабақша және қоғамдық көліктерге қатысты біраз мәселелерді ортаға салды. Жиында мәселе көтергендердің барлығы нақты жауап алды.

Айтылған мәселелердің орындалуын бақылауда ұстау үшін әкімдер тиісті мекемелер басшыларына тапсырма берілді.

Диас НАУРЫЗАЛИЕВ

Фото: azh.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз