Жарнама
Жаңалықтар

Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әр қазақстандық сайлауға қатысарына сенімдімін – Жигули Дайрабаев

ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев елдегі Президент сайлауы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көңіл-күйім өте жоғары. Бүгін мемлекетімізде үлкен саяси доданың қорытынды күні. Мен де Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бүгін сайлауға келдім, өз таңдауымды жасадым. Сайлау кезінде жасаған таңдауым Отаным – сүйікті Қазақстанымның әрбір азаматының тұрмысының жақсаруы, халықтың бай-қуатты өмір сүруі, әлемдік қауымдастықта жоғары деңгейде орын табуына байланысты. Біздің мемлекеттің болашағы өте зор. Осындай ниетпен бүгінгі сайлауға қатыстым. Әрине ел тағдырына бей-жай қарамайтын әр қазақстандық, қоғамда өзінің жауапкершілігін түсінетін әрбір саналы азамат бүгінгі сайлауға қатысып, таңдаған кандидаттарына дауыс береріне сенімдімін», — деді Жигули Дайрабаев.

Президенттікке үміткер барша қазақстандыққа зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір тіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button