Тұңғыш рет Қазақстанда: Атырауда Зияткер мектебі ашылды

img 20210831 wa0117 Жаңалықтар

«Бүгін Атырауда жаратылыстану бағытында жаңаша форматта білім беретін Зияткер мамандандырылған мектеп лицей-интернаты ашылды» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еліміз бойынша тұңғыш Атырауда бой көтерген мектептің
ашылу рәсіміне облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов арнайы қатысты.

-Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2022 жылдарға арналған жол картасы қабылданды. Карта аясында Зияткер мектебінің тұсауы кесілуде. Бой көтерген білім шаңырағы Тәуелсіз еліміздің зиялы жастарының алтын бесігі болады деп сенеміз – деді, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

img 20210831 wa0124

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, ашылып жатқан мектептің келешегі зор.

«Мектепке арналған оқу-бағдарламаларын, мектептен тыс жұмыс істейтін үйірмелердің барлық бағдарламаларын табыс ететін боламыз. Бұл балалардың алған білімдерін практикада пайдаланып жан-жақты дамуларына ықпалы мол болмақ, – деді «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымдарының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова.

500 орындықты қамтамасыз ететін мектеп – лицейіне, биылғы оқу жылында 9 – 10 – 11 сыныпқа 150 оқушы қабылданды. Болашақта мектеп базасынан жатақхана салу жоспарда бар.

img 20210831 wa0110

«Облыс, аудандардан дарынды оқушыларды қабылдап білімдерін арттыру басты мақсатымыз.Мектебіміз қазақ тілінде сабақтар өткізеді. Келер жылы үш тілді қамту жоспарда бар. Қазіргі таңда арнайы тестілеуден өткен 15 мұғалім білім ордасына қызмет етеді. Жалпы мектеп биылғы жылы 9 сынып оқушыларын да қабылдады. Келешекте мектеп 10-11 сыныппен жұмыс жасайды деп атап өтті» зияткер мектеп лицейінің директоры Нұржан Қаратаев.

Зияткер мектеп лицейі облысымыздың жоғары оқу орындары мен Назарбаев зияткерлік мектептерімен ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойды .

Ж. Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық интернатта үздік оқушы атанып, емтиханнан жоғары балл жинап Зияткер мектеп лицейіне оқуға түскен Аида Максимовнада өз қуанышымен бөлісті.

-Алғаш оқуға түскенімді әкем телефон соғып хабарлады. Қуанышымда шек болмады. Себебі мен қалаған пәндер осында тереңдетіліп оқытылады, деді ол.

Осылайша, Зияткер мектебі балалардың жастайынан ғылыммен айналысып, өз жобаларын қорғауына мүмкіндік береді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз