«КОРОНА-ТАКСИ»: Атырауда пайда болған жаңа қызмет түрі қалай ұйымдастырылады?

img 20200716 wa0033 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. Облыста қауіпті індетке қарсы шұғыл шаралар жүзеге асуда. Осы мақсатта жаңадан «корона-такси» қызметі іске қосылды. Бұрын-соңды болмаған жоба эпидемиологиялық ахуалға орай жедел жәрдем көліктерінің тапшылығын азайту мақсатында қолға алынып отыр. Сонымен, аталған такси жұмысына нақты қандай міндеттер жүктеледі? Оның қызметі қалай ұйымдастырылады? Біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Бүгінде аймақтарда бри­гадалар мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналуда. Атырау облысына Үкіметтік комиссия- ны бастап келген Премьер- Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы мәселені ескеріп, проблеманы шұғыл шешу қажеттігін тапсырған еді. Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде Атырау қаласында екі «корона-такси» жұмысын бастады.

Облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаеваның айтуын­ша, негізінен «корона-так­си» емханалар жанындағы мобильді бригадалармен бірге ұйымдастырылуы қажет еді. Алайда, бұл денсаулық сақтау ұйымдарында кадрдың жетіспеушілігіне байланысты осы қызмет түрі облыстық жедел жәрдем стансасында қолға алынуда.

– Облыстағы медициналық ұйымдарда 42 жедел жәрдем көлігі қызмет етуде. Ал, Атырау қаласындағы жедел жәрдем стансасында 25 бри­гада болуы керек. Көліктің тозып, жетіспеушілігіне байланысты қазір бұл денсаулық сақтау нысанын­да бригада саны екі көлікке азайды. Жедел жәрдемге жаңадан 40 көлік бөлінген. Бұл транспорт құралдары біздің аймаққа жеткізілгенше бригада тапшылығына жол берілмеуі керек. Осы орайда стансадағы жүргізушілердің жеке автокөліктерін пай­даланып, «корона-такси» қызметін жасақтаудамыз, – деді Наргиз Нұридинқызы.

Оның айтуынша, аталған такси шұғыл жедел жәрдем қызметін көрсетеді. Бірақ, олар ауруханаға тасымал­дануы қажет науқастардың шақыртуына жіберілмейді. Жедел көмек көрсетіп, жағдайы үйінде қалдыруға жататын науқастар үшін ғана барады. Бұл рет­те «103» пультіне түскен қоңырауларды шағымына байланысты диспетчерлер реттеп отырады. «Корона- таксиде» екі фельдшер мен жүргізуші қызмет етеді. Олар қорғаныс киімдерімен толық қамтылады. Қауіпсіздік үшін көліктердің іші де қорғаныс кленкаларымен қапталады. Бұл бригадаларда алғашқы көмек көрсететін медициналық жәшіктер мен оттегімен тыныстандыратын аппараттар бар. Айта кету керек, бұл қызметті мобильді бригадалардың жұмысымен шатастыруға болмайды.

– Емханалар жанынан құрылатын мобильді брига­далар науқастарға барғанда ПЦР-тест алып, диагноз қойып, ем-дом тағайындайды. Ал, бұл жұмыс бізден құрылған «корона-таксидің» құзыретіне кірмейді. Әдеттегідей же­дел жәрдемнің жұмысын атқарады. Ерекшелігі, ауруханаға тасымалдауды қажет етпейтін науқастар үшін көмек көрсетеді, – деді сұхбаттасушымыз.

Облыстық жедел жәрдем стансасының жүргізушісіне «корона-такси» қызметін ұйымдастыруда өзінің жеке автокөлігін ұсынғаны үшін ай сайын транспорт құралын жалға алу ақысы төленеді. Сонымен қатар, қауіпті індетке қарсы күресте шақыртуларға барғаны үшін оларға жалақыдан бөлек, қосымша үстемеақы төленеді. Облыстық жедел жәрдем стансасына жаңа реаномобильді автокөліктерді же т к і з у жұ мыс т а ры кешіктірілген жағдайда немесе бригадалардың жетіспеушілігі одан әрі арта­тын болса, «корона-таксидің» саны одан әрі көбейтіледі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Бұрын жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 800 шақырту түсетін. Қазір бұл көрсеткіш 1300 қоңырауға дейін артып отыр. Оның ішінде 25 пайызы қауіпті індет пен пневмонияға қатысты шақыртулар бо­луда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз